Abstract:
Бұл мақала 2018-2024 жылдар аралығында Ақтөбе қаласының жерді
пайдалану өзгерістерінің динамикасын талдауға бағытталған. Зерттеудің мақсаты — осы
кезеңдегі қала аумағындағы жер жамылғысының өзгерістерін анықтау және урбанизация үдерісінің қарқынын бағалау. Зерттеу барысында географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ)
және қашықтан зондтау әдістері қолданылды. Бұл әдістер жер жамылғысының өзгерістерін
дәл анықтауға және уақыт бойынша салыстыруға мүмкіндік берді. Мәліметтер көздері ретінде
спутниктік суреттер, картографиялық деректер және ресми статистикалық мәліметтер
пайдаланылды.
Зерттеу қорытындылары Ақтөбе қаласының жерді пайдалану динамикасын болжауға,
тиімді қала жоспарлау стратегияларын әзірлеуге және қоршаған ортаға әсерді азайтуға
бағытталған шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.