Abstract:
Мақалада Терісаққан өзен алабының агроландшафттарындағы топырақ
эрозиясын бағалауда маңызды параметр – С-факторды анықтаудың тиімді әдістері
қарастырылады. Зерттеу барысында NDVI (Normalized Difference Vegetation Index) индексі
негізінде өсімдік жамылғысы сипатталып, С-фактор есептелді. Landsat 8 спутниктік деректері
мен геоақпараттық жүйелер құралдары пайдаланыла отырып, аймақтың үшін С-фактордың
кеңістіктік таралуы анықталды. Зерттеу нәтижесі топырақтың шайылуға ұшырау деңгейін
бағалауға және жерді ұтымды пайдалануға бағытталған шешімдер қабылдауға мүмкіндік
береді.