Аннотации:
Бұл мақалада Зеренді ауданының өсімдік жамылғысының таралу
заңдылықтарын анықтау мақсатында SAVI (Soil-Adjusted Vegetation Index) индексін есептеу
және талдау нәтижелері қарастырылды. Қашықтықтан зондтау (ҚЗ) деректерін қолдану
арқылы өсімдік жамылғысының кеңістіктік ерекшеліктері зерттелді. Нәтижесінде қала
аумағындағы жасыл кеңістіктердің таралуы мен олардың күйі анықталды. Зерттеу нәтижелері
SAVI индексі негізінде 0-ден 2,5 мәндері аралығында өзгеретіні анықталды. Аудандық
аймақтың экологияны басқару мен тұрақты ландшафттық жоспарлау үшін маңызды ақпарат
ұсынылды.