Abstract:
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы геожүйелеріне түсетін антропогендік жүктеме
деңгейі сараланып, картографиялық деректер мен статистикалық материалдар негізінде
талданды. Елді мекендердің ауданы, халық тығыздығы, көлік және техногендік
инфрақұрылым, егістік және жайылым жерлері сияқты алты негізгі көрсеткіш бойынша
интегралдық жүктеме коэффициенті есептелді. Нәтижесінде өңір аумағы бес категорияға
бөлініп, жүктеменің кеңістіктік таралу ерекшеліктері анықталды. Зерттеу нәтижелері
аймақтағы экологиялық жағдайдың өзгеруіне әсер ететін негізгі факторларды айқындап,
жүктемені азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге негіз береді.