REPOSITORY.ENU

ДАЛА ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ МОНИТОРИНГІЛЕУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Тілеухан, Дайана Ғалымжанқызы
dc.date.accessioned 2026-04-13T11:04:51Z
dc.date.available 2026-04-13T11:04:51Z
dc.date.issued 2025
dc.identifier.isbn 978-601-08-5373-7
dc.identifier.uri http://repository.enu.kz/handle/enu/31675
dc.description.abstract Бұл мақалада Ұлы жазықтар (Great Plains) дала экожүйелеріндегі биоалуантүрлілікті мониторингілеп, оны сақтау мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Биоалуантүрлілікті сақтау - экожүйелердің тұрақтылығы мен экологиялық қызметтерді қамтамасыз етудің маңызды факторы. Алайда, антропогендік әсерлер, соның ішінде урбанизация, ауыл шаруашылығы және климаттың өзгеруі табиғи ортаның тозуына алып келуде. ЖИ технологиялары, атап айтқанда машиналық оқыту, үлкен деректерді талдау және компьютерлік көру әдістері экожүйелердің жағдайын тиімді бақылауға, өзгерістерді болжауға және тұрақты даму стратегияларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Далалық аймақтарындағы биоалуантүрлілікті қорғау мақсатында ЖИ-ді енгізу экожүйелерді басқарудың ғылыми негізделген шешімдерін әзірлеуге ықпал етеді. Мақалада ЖИ қолданудың негізгі бағыттары, оның артықшылықтары мен шектеулері талданып, тұрақты даму тұрғысынан перспективалары қарастырылады. Зерттеу бастапқыда Қазақстанның дала геожүйелеріне бағытталғанымен, әдістемені кеңірек тексеру мақсатында Солтүстік Американың Ұлы жазықтары аймағы таңдалды. Бұл аймақ экожүйелік ерекшеліктері мен өсімдік жамылғысының таралуы бойынша Қазақстан далаларына ұқсас, сондықтан зерттеудің нәтижелері мен қолданылған әдістерді Қазақстан аумағына бейімдеуге болады. Сонымен қатар, Landsat 8 деректерінің қолжетімділігі мен өңдеу тиімділігі бұл аумақта әдісті сынап көруге мүмкіндік берді. Алынған тәжірибе Қазақстанның дала геожүйелеріне арналған болашақ зерттеулердің негізін қалап, автоматтандырылған өсімдік мониторингінің әдістемесін одан әрі жетілдіруге көмектеседі. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ru
dc.subject Жасанды Интеллект ru
dc.subject экожүйе ru
dc.subject биоалуантүрлілік ru
dc.subject мониторинг ru
dc.subject машиналық оқыту ru
dc.subject болжау ru
dc.title ДАЛА ЭКОЖҮЙЕЛЕРІНДЕГІ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІКТІ МОНИТОРИНГІЛЕУДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУ: ОРНЫҚТЫ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Расширенный поиск

Просмотр

Моя учетная запись