Abstract:
Мақалада география пәні бойынша факультативтік курстардың маңыздылығы
мен олардың білім беру процесіне ықпалы қарастырылады. Факультативтік сабақтардың
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудағы, ғылыми-теориялық білімдерін
тереңдетудегі және практикалық дағдыларын қалыптастырудағы рөлі талданады. Мақалада оқушылардың өзіндік жұмыс істеу қабілетін дамыту, аналитикалық ойлауын жетілдіру және
кәсіби бағдар беру мәселелері кеңінен қамтылған.