Abstract:
Ежелгі заманнан бері бақсылық түркі халықтарының
тарихында маңызды орын алды. Олар адам мен рух арасындағы делдал болып
табылады.
Шаман – белгілі бір жанның бойында тылсым күштің көмегімен кенеттен
пайда болатын, басқа «рухтармен» байланысқа түсіп, өзгелерге көрінбейтін
ғажайыпты көретін астарлы күш иесі.
Зерттеуімізде түркі халықтарындағы, оның ішінде қазақ, өзбек, түрікмен
халықтарындағы шамандықты зерделей келе, маңызын анықтаймыз.