Аннотации:
Мақалада қатысымдық бағдарлы оқытуда қолданылатын жаттығулар жүйесі
қарастырылды. Қатысымдық бағдарлы оқыту туралы түсінік берілді. Бұл жүйенің негізгі
ұғымдар анықталды: шынайылық, интерактивтілік, икемділік жəне тапсырмаға бағытталған
тəсіл. Осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан отандық ғалымдардың
еңбектері сараланып, олардың зерттеулерінің нəтижелері көрсетілді. Сонымен қатар,
қатысымдық жаттығудың басты ерекшелігі мен артықшылықтарына жан-жақты тоқталып,
мысалдар келтірілді. Нəтижесінде қатысымдық бағдарлы оқытуда қолданылатын жаттығулар
жүйесі тілді үйренудің маңызды əдісінің бірі деген тұжырым жасалды.