Аннотации:
Автор мақалада дәстүрлі БАҚ-тың интернет медиаға көшер алдындағы алғышарттары туралы жазған. Дижитилизацияның негізгі құралдарын сатылап, анықтама беріп
көрсеткен. Шетелдік интернет басылымдарға сараптама жүргізу арқылы журналистика саласындағы мамандардың пікірін келтіреді. Ғылыми тұжырымдамаларға сүйеніп, журналистика
саласындағы жаңа атауларға түсінік береді.
Автор мақала жазу барысында жаңа медиа толқынында ақпарат алу, жинау, өңдеу, тарату және ақпаратты сақтау үшін қажетті заманауи технологиялардың арнайы қосымшаларын анықтаған. Дижитилицазияның құралдарымен жұмыс істеуді бастау үшін аналитиктер ұсынған бірнеше құралдарды салыстыра отырып, журналистерге қолайлы қосымшаларды пайдалануды ұсынады.