Abstract:
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы білім
мен ғылым саласындағы орныққан ынтымақтастық жөнінде сөз болады. Түбі бір туысқан екі ел
арасындағы тәжірибе алмасу негізінде қазақ тілі мен әдебиеті және журналистикасы бағыты бойынша Түркия елінде зерттелген ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқталады.
1985-2017 жылдар аралығындағы бауырлас Түркия елінде қорғалған ғылыми-зерттеу жұмыстарының библиографиялық қөрсеткіші жасалып, жинақталған еңбекке сараптамалық баға беріліп, нәтижелері кестелер мен схемалар, сызбалар арқылы көрсетіледі.