Abstract:
Бұл ғылыми жұмыста теледидарда қолданылып жүрген фильм индекстері Америка және Қазақстан жүйелерінде қарастырылған. Фильм индекстерін қолданысқа еңгізген заңдық
нормалар қарастырылып, жас шектеу жүйесінің қаншалықты тиімді қолданылғандығы зерттеледі.
Фильм индекстерін алғашқы болып қолданған Америка жүйесімен салыстырыла отырып отандық
жүйенің тиімділігі зерттеледі.
Теледидардың адамға берер пайдасы мен зияны сарапшылар тарапынан талқыланып, әлі
күнге дейін бір пікірге келе алмауда. Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін
«еркіндік осы екен деп» барлық салаларда болған сияқты бұқаралық ақпарат құралдарында да сүзгісіз қоғамға жол тартқан қаншама теле-туынды жарық қөрді.