Abstract:
Мақалада қазақ спорт журналистикасының тарихы зерделеніп, оның шығу тарихы мен белгілі спорт комментаторларының сөз саптау шеберлігі талданады. Мақалада «спорт
комментаторлығы» мен «спорт», «спорт журналистикасы», «қазақ спорт журналистикасы» деген
ұғым-танымдардың қазақ санасына сіңісуі мен дағдылануы қарастырылады. «Спорт» пен «Спорт
журналистикасы» ұғымдары КСРО секілді алып елдің құрамына енген жылдары мәлім болды.
Патшалық Ресей тұсында орыстан - Иван Поддубный, қазақтан - Қажымұқан Мұңайтпасов
әлемдік аренада өнер көрсеткені тарихи шындық.
Ресей спорт комментаторлығын 1900 жылдары Санкт-Петерборда пайда болған «Маяк»
Бүкіләлемдік христиан жас адамдар (жастар емес, жас адамдар) одағымен байланыстырады. Оны
құрушы – америкалық Джемс Стокс. Бұл ұйым Кеңес одағы құрылғанша өмір сүрген. Оның негізгі
мақсаты – жастарды дене мәдениетіне тәрбиелеу болды. Қазақ жұртшылығына Кеңес одағы қалыптасып, социализм идеясының кең таралуымен келгендігі қарастырылған.
Спорт журналистикасы терминінің Ресейде «Советский спорт», «Физкультура и спорт», Қазақстанда екі тілде шығатын «Спорт» басылымдарның дүниеге келімен орныққаны анық. Авторлар
осы мақаласында қазақ спорт журналистикасының даму барысы, проблемалары, болашағы төңірегінде ой қозғайды.