Abstract:
Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары кеңестік медиа жүйеден қалған
қиыншылықтарды бастан кешуде. Оның салдары тәуелсіз журналистикаға кедергі келтіретін және оны шектейтін бұрынғы құрылымдардың қалдықтары әлі де байқалады.
Аталған мәселе бұқаралық ақпарат құралдары дербестігінің қазіргі жағдайын зерттеу
кезінде өзекті болып табылады. Осы тұрғыда мақала авторының негізгі идеясы — сөз
бостандығы және журналист дербестігін жүзеге асыруды – демократияны дамытудың
және азаматтардың басқа құқықтарын қамтамасыз етудің қажетті алғышарты
екендігіне негізделген. Егер мемлекет елді қалай басқару туралы түрлі идеялардың ашық
және әділ бәсекелестігіне жол бермесе, демократиялық көпшілік қолдаған мықты идеялардың басым болатындығына кепілдік жоқ. Сонымен қатар, ақпарат ағынын шектеу,
журналистика дербестігіне жол бермеу — адам құқығының бұзылуына әкеліп соғады.
Автор мақалада сөз бостандығы халықаралық құқықтағы шынайы мазмұнына шолу
жасайды, басқа елдер мен аймақтардағы озық тәжірибелерге мысал келтіріп, жетекші халықаралық және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ, бүкіл әлемнің сарапшылары әзірлеген концепцияларды ұсынады.