Abstract:
Мақалада Қазақстандағы журналистік білім беретін жоғары оқу орындары,
нормативті құжаттар және білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандарттар, оқу бағдарламалары туралы толық қарастырылады. Журналист
мамандарын дайындайтын республикадағы екі іргелі оқу орнының маман даярлаудағы
айырмашылығы мен ұқсастықтары қарастырылып, Болгария Республикасындағы
журналист мамандарын дайындайтын ең үлкен жоғары оқу орны София
университетінің журналистік білім беру жүйесімен салыстыра талдау жасалады.
Қоғам талабына жауап беретін кәсіби кадрларды дайындаудағы жоғары оқу
орындарының атқаратын негізгі қызметіне, қайта даярлауды қажет етпейтін білікті
журналист мамандарын дайындаудағы факультет пен кафедраның оқу процесінде, оқу
бағдарламасына біршама өзгертулер енгізу қажеттілігі айтылады. Авторлар
қазақстандық білім берудің қазіргі моделін сараптап, даму эволюциясын қадағалайды
және Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттері оқи бастаған медиабілімнің
жаңа моделіне ұсынады.