Аннотации:
Ұсынылып отырған мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың тілін - ұлттық
құндылықтар негізінде дамытуда қазақ халық педагогикасының теориялық және практикалық
мазмұнындағы педагогикалық идеялар мен ағартушылық ой-пікірлер және тәрбие құралдары
ретінде «тыйым» сөздердің тілді дамытудағы, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіруге тигізетін
әсері қарастырылды. Сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік
жұмысын жүргізудегі дидактикалық ойындарға ұлттық ойындарды ойнату арқылы олардың тілін
дамытуда, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып,
белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретуге мән берілді.