Abstract:
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамытуда отбасының алатын орны
ерекше. Мақалада отбасындағы тәрбие мен қарым-қатынастағы олқылықтар сипаттала отырып,
мектеп жасына дейінгі балалардың тілінің дамуына кедергі болатын себептер және оның алдын алу шаралары туралы ақпараттар ұсынылады. Қазақтың зиялы ғалымдары мен ғұламалары
мұраларындағы тәрбие тұжырымдары негізінде баланың тілінің дамуы тұтас тәрбиесін
ұйымдастыру ерекшелігімен байланыста баяндалады.. Мақалада ата-аналар үшін отбасы
тәрбиесі жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға байланысты ұсыныстар
беріледі.