Аннотации:
Мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа қызығушылығын қалыптастыру –
олардың танымдық, сөйлеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді. Ерте
жастан оқуға баулу сөздік қорын байытып, қиялын дамытады және оқу дағдыларының негізін
қалайды. Бұл үдерісте ойын элементтерін қолдану, театрландырылған қойылымдар
ұйымдастыру, кітап бұрышын жасау және отбасылық оқу дәстүрін қалыптастыру маңызды рөл
атқарады.