Аннотации:
Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жаңаша ойлауды
қалыптастырудың тиімді жолдары және оны жүзеге асырудың нақты әдістері қарастырылған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиешілер мен арнайы мамандардың тұлғалық және
педагогикалық тұрғыдан жаңаша ойлауын қалыптастырудың маңызы сипатталған
Педагогтардың жаңаша ойлау қабілетін дамыту мақсатында рефлексия, шығармашылық ізденіс,
үздіксіз біліктілікті арттыру, ынтымақтастықты дамыту, жеке тұлғаға бағытталған оқыту,
инновациялық жобалау, цифрлық сауаттылықты арттыру және кері байланыс әдістерін
қолданудың ерекшеліктерін талдап көрсетеді. Ұсынылған әдістер педагогтардың кәсіби
шеберлігін арттыруға және заманауи талаптарға сай білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.