Аннотации:
Мақалада бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру,
сондай-ақ, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жаңа тұжырымдамасы туралы қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың ең маңызды бағыттарының
бірі - балалардың жан-жақты дамуы, олардың танымдық қызығушылықтары, жалпы оқу іскерліктері, жеке
тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруын іске асыруына әкелетін, өздігінен білім алу дағдыларына назар аударады.
Авторлар жаңартылған бағдарламада оқытудың спиральды үлгісін жан-жақты талдайды, яғни, білімді
біртіндеп кеңейту мен тереңдетуді және оқушылардың тілдік құзыреттілігін, шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыруға және пәнді тиімді оқытуға ықпалы зор екенін нақтылайды. Сонымен қатар, Д. Брунердің
когнитивті теориясына негізделген спиральды білім беру нысанын және оқытудың спиральді түрі бүкіл
мектепте оқыту барысында қиындататын материалды қайта қарау дәстүрлі оқыту түрлеріне қарағанда қазіргі
заманғы оқушының дамуында маңыздылығы зерделенген.