Abstract:
Бұл мақалада химия пәнін оқытуда қолданылатын инновациялық әдістердің
білім алушылардың оқу жетістіктеріне тигізетін әсері жан-жақты талданды. Дәстүрлі оқыту
әдістері көбінесе теориялық білімді меңгеруге бағытталса, заманауи педагогикалық тәсілдер білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сыни ойлау, шығармашылық
ізденіс және зерттеушілік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Оқу үдерісіне тиімді
оқытуды қамтамасыз ететін жаңа әдістер мен технологияларды жүйелі түрде енгізу оқу
жұмысының инновациялылығын айқындайды [1]. Интерактивті оқыту технологиялары,
зертханалық тәжірибелер, цифрлық ресурстар және жобалық оқыту әдістері арқылы білім беру
сапасын жақсартудың ғылыми негіздері қарастырылды. Сондай-ақ, білім алушылардың оқу
жетістіктерін арттырудағы инновациялық тәсілдердің рөлі мен оларды тиімді қолдану
жолдары ұсынылды.