Қазақ драматургиясындағы трагедиялық кейіпкердің имидждік-ақпараттық моделі (Рымғали Нұрғали зерттеулері негізінде)
Дата
2025-09-25ISSN
2616-678Х2663-1288
Аннотации
Мақалада қазіргі гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі маңызды категориялардың бірі — имидж саласының трагедиялық драма өнеріндегі көрінісі, қызметі және көркемдік табиғаты жан-жақты талданады. Трагедия табиғаты ұлттық дүниетаныммен сабақтастырыла отырып, драмалық бейненің ішкі-сыртқы құрылымы, мазмұндық мәні имидждік технологиялар ретінде сарапталады. Бұл тұжырымдар мақаланың негізгі өзегіне айналып, трагедиялық имиджді қазақ драмасының көркемдік-коммуникациялық кеңістігінде қайта пайымдауға жол ашады. Зерттеу барысында имиджтану мен әдебиеттану тоғысындағы жаңа әдіснамалық бағдарлар ұсынылып, трагедиялық образдың құрылымын көркем имидждік, жеке тұлғалық-ақпараттық, герменевтикалық-коммуникациялық тұрғыдан ұғынудың ғылыми моделі айқындалады. Мақала ұлттық драматургияның болмысын заманауи ғылыми концепциялар аясында тануға бағытталады және оған драматанушы, әдебиеттанушы академик Рымғали Нұрғали еңбектері негізге алынып, драмалық шығармалардағы трагедиялық кейіпкер болмысының имидждік-ақпараттық сипаты ғылыми теориялық тұрғыдан қарастырылады.
