Аннотации:
Мақалада қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында қашықтан оқыту мәселелері қарастырылады. Қазіргі уақытта қашықтан оқытуды жүргізетін білім беру
ұйымдарына қойылатын талаптарға және қашықтан оқыту бойынша оқу процесін
ұйымдастыру қағидаларына сәйкес қашықтан оқытуда ағымдық және қорытынды
бақылауларды прокторинг жүйесін қолдана отырып тапсыру талап етіледі. Осындай
жағдайда прокторинг жүйесін жобалау және құру мәселелері туындайды. Прокторинг
жүйелерін студенттерге емтиханды адал және ашық тапсыруға мүмкіндік беретін әдіс
ретінде қарастыруға болады. Прокторинг жүйесін құруда ең алдымен білім алушыларды
идентификациялау және тану мәселелері туындайды. Мақалада тақырыпқа қатысты
зерттеу жұмыстары және әдебиеттерге талдау жасалынып, қашықтан оқыту жағдайында білім алушыларды идентификациялау және тану жүйелерінің алгоритмі беріледі.
Биометриялық аутентифациялау жолдары қарастыралады.