Abstract:
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарының бірі.
Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы – сөйлеу және жазу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы – дұрыс айту және қатесіз жазу нормасы. Технологияның өркендеген зaмaнындa әлеуметтік желілердің тіл мәдениетін дaмытудағы әсері қaзaқ тіл
білімінде жaн-жaқты зерттелуі тиіс. Бүгінгі күні әлеуметтік желілер ғаламтор тұтынушыларының ажырамас сенімді серігіне айналып үлгерді. Сан түрлі тақырыпты қозғау үшін
де, әртүрлі заттарға жарнама жасау үшін де, тіпті толғандырған мәселе жөнінде көпшіліктің ойын білу мақсатында көпшілік осы желілердің көмегіне жүгінетіні белгілі. Еліміздегі ең белсенді әрі кең тараған «Вконтакте», «Instagram», «Facebook», «Twitter», «WhatsApp» және т.б. әлеуметтік желі пайдаланушыларының көбейгені соның бір дәлелі.