Аннотации:
Мақалада әдебиетіміздің алаштану саласына байланысты күн тәртібінде тұрған
өзекті мәселелер көтеріледі. ХХ ғасырдың басында Алаш зиялылары елінің экономикасы мен
мәдениетін көтеруде ғылым мен білімді басты назарда ұстады. Осы ұстанымға сай, Тәуелсіздік
жылдарынан соң, Алаш зиялыларының еңбектері жан-жақты зерттеліне бастады. Бүгінгі таңда да,
Алаш зиялыларының еңбектеріне текстологиялық талдау жасау қазақ әдебиеті ғылымындағы ең
өзекті мәселе болып отыр. Мақалада алаштану саласының текстологиялық талдауға зәру екендігі
айтылған. Текстология Алаш зиялыларының еңбектерін тереңірек танып-білуге бірден-бір қажет
ғылым саласы,- екендігі ғылыми тұрғыда дәлелденген. Сонымен қатар, мақала авторы Ә.Бөкейханның 1927 жылы «Жаңа мектеп» журналына жарияланған түпнұсқа мақалаларын алаштанушы-ғалым С.Аққұлының құрастырған нұсқасымен салыстыра отырып, текстологиялық талдау жүргізген.