Abstract:
Мақалада көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы,
профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметұлының зерттеулеріндегі Бауыржан Момышұлы тұлғасы қарастырылады. Ғалымның «Бауыржан батыр» атты еңбегі көркемдік-идеялық тұрғысынан талданып, соның негізінде Б.Момышұлының азаматтық болмысы, шығармашылық бейнесі танылады. М.Мырзахметұлы еңбегі бойынша, Б.Момышұлының бұрын-соңды
жарияланбаған туындылары топтастырылып, оған қатысты ғылыми көзқарас пен пікірлер жинақталады. Батыр жайлы жазылған еңбек халық мұрасы, ел игілігіне қосылған маңызды жәдігерлер екендігі ашылады. Б.Момышұлының жастық шағы мен соғыс кезеңі туралы жазған мағлұматы, сондай-ақ ғылыми еңбегі, естелігі, көркем туындылары жүйеленіп, оларға талдау жасалады.