Аннотации:
Мақалада батырлық ертегілердегі басты кейіпкердің жер асты әлеміне саяхат жасау мотиві негізгі нысан ретінде алынады. Ұлттық танымдағы батырларға тән қасиет пен ертегідегі сюжеттік желінің қайталануына назар аударылады. Батырлық ертегілерде ең жиі қайталанатын
Самұрық құс, Бәйтерек, Айдаһар бейнелерінің символикалық мәні көрсетіліп, осы үш элементтің
дәстүрлі мотивке айналуына талдау жасалады. Мифтік танымға сәйкес, Самұрық құс, Бәйтерек,
Айдаһар бейнелерінің қазақ батырлық ертегілерінен бөлек өзге де халықтардың ертегілерінде сюжеттік желінің қайталануы салыстырмалы талдау негізінде көрсетіледі. Батырлық ертегілер мазмұнындағы мифопоэтикалық сананың, мифтік танымның, мифтік мотивтер мен бейнелердің тұрақты
көрінісі қарастырылады. Ежелгі дәуірлерден сақталып жеткен ертегілердегі сюжеттік желілер мен мифтік мотивтерге қатысы туралы талдаулар негізінде тұжырымдар жасалады.