Abstract:
Мақалада Түркия елін рухани жаңғыртып, оятқан Танзимат әдеби құбылысы
сипатталады. Тарихи шындықты көрсеткен Ибрагим Шинаси, Намык Кемал, Абдулхамид Зия-паша, Абдулхак Хамид, Шемсеттин Сами-бей, Абуззи Тевфик, Ахмед Митхад, Реджаизаде Махмуд
Акрам, Самипаша-заде Сезаи және т.б. жазушылардың еңбектері қарастырылады. Олардың еңбектері Т.Торайғырұлының, М.Дулатұлының, М.Жұмабайұлының, Чулпон және Фитраттың шығармашылығымен салыстырылып, «Йени османлы» және «Бірлік» ұйымдары, «Тержюман-и ахуал»
мен «Қазақ» газеттері салыстырмалы түрде қарастырылады.