Аннотации:
Қазақ ұлттық концептосферасындағы базалық концептінің бірі – «ауыл» қаламгерлердің дүниетанымында ұлттық болмыс, ділдің тікелей көрінісі ретінде түрлі тілдік бірліктермен танылады. Ауыл концепті жалпыұлттық құндылықтарды таныта алатындықтан, «қала» концептісіне контраст жұп ретінде поэзияда жиі қолданылады. Көркем мәтіннің концептуалды-мазмұндық ақпараты үшін аса маңызды бұл контраст концепт ұлт менталитетіндегі өзгерістер динамикасын таныта алатынын түрлі кезеңде шығармашылықпен айналысқан қазақ ақындарының өлеңдері арқылы көрсетеді.