Аннотации:
Бұл мақалада жалпыадамзаттық құндылықтардың көрсеткіші, құрылымы, өлшемдері, деңгейлері т.б. мәселелері ақын,шежіреші, тарихшы, этнограф Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының
мұраларындағы тұжырымдардың негізінде талданып қарастырылады. Ақын еңбектеріндегі ұлттық
құндылықтарды тану, оны зерделеу, заман талабына сай насихаттау - ұлттық болмысымызды
тану жолынағы өз маңызын жоймаған өзекті мәселелердің бірі екені анық. Мақалада ұлттық
құндылықтардың адамзат өміріндегі мәні мен маңызы, адам өміріндегі рөлі кеңінен талқыланады.
Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіптің мұраларындағы ұлттық құндылықтарды қазіргі заман көзімен
талдай отырып, ұлттық құндылықты қоғамның даму үдерісімен ұштастыра саралайды. Мақала
авторы мәдениеттің құндылық әлеуетін тұлғаның тұжырымдары мен көзқарастары арқылы дәлелдейді. Ұлттық құндылық концептілерінің типтері объективтендірудің негізгі құралы ретінде талданады.