Abstract:
Мақалада Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев
идеясымен дүниеге келген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ұлттық және адамзаттық
мән-маңызы талданады. Автордың пікірінше, қоғамдық сананы жаңғыртудың алдыңғы
шепке шығуы заңды және қажетті қадам болды. 2017 жылы 12 сәуірде Елбасы таяу уақытта
орындалуға тиіс нақты жобаларды атап көрсетті. Атап айтсақ, ұлт алфавитін латын қаріпті
әліпбиге көшіру, гуманитарлық бағыттағы әлемдік 100 үздік оқулықты қазақ тіліне аудару,
қоғам тарапынан өңірлерді қолдауға бағытталған «Туған жер» бағдарламасы» және жастарды отаншылдық рухта жетілдіру. Сондай-ақ, еңбек авторы білім мен ғылым саласындағы
рухани жаңғырудың рөліне ерекше тоқталады. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстарды
саралап, алдағы жоспарларды жүзеге асыруға себепші жөн-жобаларды талдайды.