Abstract:
Мақалада «архетип» ұғымының кейбір аспектілеріне жан-жақты талдау
жасалып, философия, психологиялық аналитика, әдебиет салаларындағы ғалымдардың
зерттеу еңбектері негізге алынды. Архетип туралы әр жылдары шыққан зерттеу жұмыстары-К.Г. Юнг пен оның шәкірттерінің психологиялық зерттеулері мен К. Леви-Стростың
структуралық талдау жұмыстары қатар алынып талданды. Термин ғылыми тұрғыда сараланып, ұжымдық бейсаналық ұғымы түсіндірілді. Зерттеу жұмысында теориялық тұжырымдар қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалар мен көне мифтер, аңыз-әңгімелер негізінде
салыстыра отырып, зерделенді. Архетип сюжеттер мен мотивтер, образдар мен символдардың қазіргі қазақ әдебиетінде қайта жаңғырып көрініс табуын шығармалардан үзінділер
берумен дәлелденді.