Аннотации:
Қазақ тіліндегі тұрақты тіркес, мақал-мәтел, қос сөздер құрамында және диалектілер,
ауыз әдебиеті үлгілері мен жекелеген көркем әдеби шығармаларда сақталып, қазақ тілінде жеке-дара
қолданыла бермейтін мағынасы түсініксіз сөздер баршылық. Ұлы ақын Абай шығармаларында да
ескіліктер көптеп кездеседі. Мақалада Абай өлеңдері мен қара сөздерінде кездесетін көмескі сөздер
мен көнеліктерге талдаулар жасалып, мағынасына нақты түсініктемелер берілген.
Абай тіліндегі көнерген сөздердің түп-төркінін, мағынасын түсіне білу үшін тарихысалыстырмалы әдіс арқылы қазіргі түркі тілдері және көне түркі ескерткіштері материалдарына
жүгіну керектігі белгілі. Мақалада ақын шығармаларындағы ескіліктер тарихи-салыстырмалы
әдіс негізінде түркі лексикасымен салыстырып көрсетілді. Әр мысалға егжей-тегжейлі тоқталып,
этимологияға қатысты дәлелдер түркі тілдерінен дерекөзбен бірге берілді. Осылайша Абай
қолданған көнерген сөздердің шығу тегі анықталып, мағыналары ашылды.