Аннотации:
Мақалада қазақ халқының «Көк бөрі» тотемі, бұл нанымның пайда болуы мен қазіргі күнгі сабақтастығы, көне түркілер мен қазақ халқының рухани жалғастықты жаңғыртуы, ұлттық
мәдени құндылықтардың мәнін жоғалтпауы, түркілік рухты ұрпақ санасына сіңіру ұстанымдарының өміршеңдігі талданады. Көне дәуірлерден бастап әртүрлі халықтардың дәстүрлі сенімдерінде
қасқыр бейнесі маңызды орын алады. Бұл бейненің Орта Азиядағы көшпелі халықтардың, әсіресе, түркілердің дүниетанымындағы пайда болуы мен дамуын, олардағы материалдық мәдениет
ескерткіштері мен қасқыр бейнелерін талдау, «көк бөрі», «бөрі» тотемдерінің қазіргі сипаты қарастырылады.