Abstract:
Мақалада ХІІІ ғасырдағы Хорасаннан шыққан парсы-түрік ақыны, фақих,
исламтанушы, теолог және сопы-мистик Жәлал-ад-дин Руми жайлы дереккөздердегі
кейбір қарама-қарсы пікірлер сөз болады. Румидің туған жылы, туған жері, отбасының
батысқа қоныс аудару себептері, шыққан тегі, моңғолдармен қарым-қатынасы жайлы
деректер салыстырылып, қарастырылады. Румитануда негізгі дереккөздер болып саналатын Румидің өзінің «Мәснауи», «Диуан-и Қабір», «Фики Ма Фих», «Мәжіліс-и Саб’а»
еңбектері, Шәмсі Тәбризидің «Мақалат» еңбегі, Румидің баласы Сұлтан Уәледтің «Ибтиданаме», балаларының мүриді болған Феридун-и Сипехсалардың «Рисале-и Сипехсалар Манақиб-и Худауендигар», атақты Ахмет Әфлақидің «Maнақиб ал-Арифин»
(Арифлердің менкибелері) кітаптарынан алынған мәліметтер мен сол заманда өмір
сүрген тарихшылардың, білім адамдарының еңбектеріне сүйенген ғалымдардың көзқарастары, пікірлері талданып, Румитанудың тарихнамасы ғылыми тұрғыдан жүйеге келтіріледі.