Abstract:
Қазіргі таңда қоғамда «мәдени мұра», «ұлт мәдениеті» ұғымдары арқылы
ел тарихының өткеніне ерекше мән беріліп, болашаққа алаңдаушылық білдіріліп
жатқаны осы бағыттағы зерттеулерден, қабылданған түрлі ұлттық бағдарламалардан, бұқаралық ақпарат құралдарынан баршаға белгілі. Жаһандану үрдісі мен интеграция мәселесі өзекті болып тұрғандықтан, ұлттық бірегейлікті сақтап қалу да аса
маңызды. Ұлттық бірегейлікті зерттеу әлеуметтану, этнология, тарих, мәдениет,
тіл білімі сияқты бағыттармен тығыз байланысқан пәнаралық білімді талап етеді.
Мақалада неміс мәдениетінің базалық концептілеріне сүйене отырып, осы этностың
ділін (менталитетін) зерттеуге арналған еңбектерге шолу жасалды, неміс халқының
құндылықтар жүйесі және ондағы өзгерістер зерделенді. Нақтырақ алғанда, Ordnung,
Sicherheit, Gemütlichkeit этноспецификалық концептілері қарастырылып, нақты тілдік
деректермен дәйектелді. Аталған концептілер неміс халқының лингвомәдениеті мен
діліндегі оларға тән ерекшелікті тануға қызмет етеді.