Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2022, №1 (138)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2022, №1 (138)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Балалар фольклоры және көркем бейне

Thumbnail
Автор
Сағынадин, Г.С.
Дата
2022
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-678Х
Аннотации
Адамзат жаратылып, жер бетінде пайда болғанынан бастап, өзіндік сана тұрғысынан айналаны тануға, қоршаған әлемді зерделеуге, табиғатты, оның түрлі құбылыстарын талдап-таразылауға ұмтылды. Ұзақ тәжірибе мен бақылау арқасында айналасындағы жан-жануарлардың бәрін тек біліп қана қоймай, олар жайында толып жатқан миф, аңыз-әңгіме, арман-қиялға толы хикаялар, қаншама терең жырлар мен ертегілер тудырған. Мұндай халық шығармаларының ұлттық құндылыққа айналудағы мәні әр жанрдың мазмұны ұсынатын бейнелердің қыр-сырында жатыр. Балалар фольклорының тууы мен қалыптасуына да негіз болған көркем бейнелер жүйесінің терең таным мен ғылыми саралауды қажет ететіндей өзектілік деңгейі жоғары. Бейне – туындының тақырыптық табиғатын ашып, идеялық бірлігін жеткізуші басты құрал. Олай болса, фольклор аясында ерекше болмысымен танылған, халық әдебиетіне өзек болып, идеялық-эстетикалық, көркемдік бейнеге айналған жануардың бірі – түлкі. Ендеше бұл мақаланың негізгі мақсаты – түлкі бейнесінің балалар фольклорының дамуы мен өркендеуіндегі, соның ішінде әлпештеу жырлары мен жеткіншектер поэзиясындағы идеялық-эстетикалық рөлін таныту. Зерттеу барысында балалар фольклорының түрлі жанрларын сараптау арқылы ондағы түлкі бейнесінің көріну деңгейі сараланды. Табиғаттағы түлкі жануары мен фольклордағы көркем бейненің ара-жігі, айырмашылықтары мен ұқсастықтары тереңдей зерттелді. Фольклортанушығалымдардың теориялық тұжырымдарын басшылыққа ала отырып, сәбилік жырлар мен қызықтамалар, өтірік өлеңдер, жұмбақ жанрының дидактикалық әрі эстетикалық функциясы сөз болды. Түлкі болмысына тән тапқырлық, ақылдылық, сымбаттылық т.б. қасиеттер оның көркем бейне ретінде фольклорлық шығармалардағы рөлін анықтады. Сол арқылы балалардың ой-өрісі мен сана-сезіміне, тәрбиесі мен дүниетанымына ықпал етуде қуатты күш болып, баланың ақыл-ой, сана-сезім, дүниетанымын дамытудағы бейнелік құрал екені айғақталды.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/5095
Открыть
childrens-folklore-and-artistic-image-2_.pdf (715.6Kb)
Collections
  • Выпуск 2022, №1 (138)[8]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты