Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2022, №2 (139)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2022, №2 (139)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

Топонимиялық зерттеулердің географиялық және картографиялық әдістері

Thumbnail
Автор
Әбдуәлиұлы, Б.
Дата
2022
Редактор
ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
ISSN
2616-678Х
Аннотации
Топонимика – табиғи және адам қолымен жасалған нысан атаулары, ол қоғамның түрлі салаларында қолданылады. Соның ішінде география, картографиямен байланысы аса маңызды мәселелерді қамтиды. Картадағы жер-су атаулары тарихи дерек ретінде аса маңызды мәліметтер бере алады, сондықтан оны тек географиялық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, тарихи құжат ретіндегі мәнін ашу да - аса маңызды міндеттердің бірі. Әлемде түрлі карталар бар, олардың ең қарапайым түрлері - ертеректе қолмен түсірілген сұлбалық сызбалар. Сол замандардан бастап, мәліметтер базасын құру мен қазіргі ГАЖ (геоақпараттық жүйе) технологияларын қолдану дәрежесінде дейінгі аралықта дамып жетілген неше буын карталардың барлығы да географиялық нысандар мен топонимдерсіз болған емес. Демек, топонимикалық мәліметтер үшін карталардың көне жаңасы болмайды, керісінше жарық көрген уақыты бойынша жер-су атауларын тарихи дәуірлерге топтастыру мүмкіндігіне ие боламыз. Осы мәселелерді ескере отырып, мақалада бірніші кезекте, негізгі мақсатқа сәйкес, география, картография салаларының топонимикамен сабақтасатын тұстарына назар аударылып, жер бетіндегі географиялық нысандар мен топонимдердің карта мазмұнындағы орны айқындалды. Архивтен алынған құжаттарға, нақтырақ айтқанда, сұлбалық сызба мен оған қатысты хаттама бойынша ол жерде кездесетін топонимдер мен географиялық терминдерге талдаулар жасалды. Негізгі талдаулар тақырыпқа сәйкес, картографиялық, географиялық және лигвистикалық әдістердің аясына топтастырылды. Географиялық тұрғыдан – ауыл шекарасы сызығының сипаттамасы жасалды, картографиялық тұрғыдар – сұлбалық сызбадағы атаулар мен сол елді мекендегі атаулар салыстырылды, лингвистикалық тұрғыдан – орыс тілінде толтырылған атаулардың транскрипциясы жасалып, түпнұсқа тұлғасы қалпына келтірілді. Зерттеу барысында карта бетіндегі лингвистикалық, географиялық, картографиялық және тарихи ақпараттар пайдаланыла отырып, кешенді зерттеу әдістері қолданылды.
URI
http://rep.enu.kz/handle/enu/5103
Открыть
geographical-and-cartographic-methods-of-toponymic-research-3_.pdf (649.7Kb)
Collections
  • Выпуск 2022, №2 (139)[8]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.Метрика
Научная библиотека | Контакты