Показать сокращенную информацию

dc.contributor.authorӨскен, Ә.М.
dc.date.accessioned2023-08-17T11:37:13Z
dc.date.available2023-08-17T11:37:13Z
dc.date.issued2022
dc.identifier.issn2616-678Х
dc.identifier.urihttp://rep.enu.kz/handle/enu/5104
dc.description.abstractХХ ғасырдың басында қазақ жерінде Алаш қозғалысының рухани серпілуіне себепкер - «жәдит» әдісі мен танымы еді. Жәдитшілдіктің негізін қайраткер қырым татары, танымал баспагер, оқымысты Исмаил Гаспринский салды. Бұл әдіс мұсылман халқының мәдениетінің, білім-ғылымының дамып, нығаюына тікелей әсер етті. Мұсылман халықтарының ішінде сауатсыздықты жою – сол замандағы тек татар халқына ғана емес, барлық Ресей мұсылмандарына ортақ мәселе болатын. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында «жәдитшілдік» (жаңа оқу әдісі) қозғалысы Қазақстанға да келді. «Жәдитшілдіктің» қазақ жерінде негізін салушылар – Алаш зиялылары. Ресейлік түркі дүниесінің реформаторы Гаспринскийдің де, Алаш арыстарының да баға жетпес асыл мақсаты - ұлттық құндылығын сақтай отырып өркениетті елдердің мәдениеті арқылы, сауатты да білімді ұрпақ қалыптастыру. Гаспринскийді өзіне ұстаз тұтқан Алаш арыстары оның халықты жаппай сауаттандыру мен ұлтты ояту идеясына құрылған жаңа игі бастамаларын өздеріне бағдаршам ретінде ұстанды. Ал, бұл қозғалысқа Алаш зиялыларының көсемі ғалым Әлихан Бөкейхан жетекшілік жасады. Алаш оқығандары ағартушылықты дамытуда жетекші рөл етіп – халықты жаппай сауаттандыруды, ғылымның әр түрлі саласымен таныстыруды алға қойды. Соның нәтижесінде көптеген оқулықтар жазылып, халық мәдениетінің өркендеуі мен оқу-ағарту саласының жетіліп-өсуіне зор үлес қосылды. Алаш оқулықтарының ерекшелігі – ғылымды оқушыға оңай жолмен түсіндіруінде еді. Ал, Алаш оқымыстыларының негізгі мақсаты – өздері құрастырған оқулықтары арқылы білімді, көзі ашық ұрпақ тәрбиелеу болды.ru
dc.language.isootherru
dc.publisherЕНУ им. Л.Н. Гумилеваru
dc.subjectжәдитшілдікru
dc.subjectжаңа әдісru
dc.subjectРесей мұсылмандарыru
dc.subjectАлаш оқулықтарыru
dc.subjectоқу-ағартуru
dc.title«Жәдит» әдісі және Алаш оқымыстыларының алғашқы оқулықтарыru
dc.typeArticleru


Файлы в этом документе

Thumbnail

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию