dc.description.abstract |
Фразеология бүгінде лингвистиканың өзекті салаларының бірі. Мақалада
отандық және шетелдік фразеологияның өзекті мәселелеріне тоқталып, ғылыми нәтижелері талданылады.
Салыстырмалы фразеология саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, фразеологиялық бірліктердің семантикасы когнитивтік фразеологияда жаңа аспектіде зерттеліп одан әрі осы бағытты дамытуға ықпал етеді.
Фразеология мен мәдениет сабақтастығының жаңа бағыттарын игеруге мүмкіндік беретін әдістерді енгізу қазіргі фразеологияның лингвомәдениеттану тұрғысынан зерттеудің негізгі міндеттері болып табылады.
Әр түрлі тілдердің фразеологизмдеріне салыстырмалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ететін және белгілі бір ұлттық мәдениетке ие фразеологиялық белгілерді құрудың
әмбебап және айрықша ерекшеліктерін анықтауға бағытталған әдістерді енгізу өзекті
болып отыр.
Фразеологиялық бірліктердің семантикалық құрылымы күрделі көп өлшемді конструкция ретінде жан- жақты талдауды талап етеді. Мағынаның көпөлшемділігі көп
жағдайда фразеологизмдердің таңбалық қызметі мен семантикалық құрылымның әрбір
макрокомпонентінен берілетін ақпараттардың өзара байланысуынан көрінетін олардың семантикасының кешенді сипаты жайлы мәселені шешуді болжайды.
Әсіресе, фразеологизация деген атаумен белгілі фразеологизмнің жаңа семантикасы пайда болу процесін зерттеу өзекті болып отыр. Мақалада фразеологизация процесін зерттеуге шолу жасалынып, фразеологияның динамикалық аспектісі көрсетілді және осы
процестің негізгі бағыттары жүйеленді. |
ru |