dc.description.abstract |
Ғылым мен қоғамда жиі зерттелетін тақырыптың бірі ‒ әйел мәселесі. Қазақ халқы танымындағы «әйел» концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға,
қазақ мәдениеттеріндегі орнын айқындауға мүмкіндік береді. Тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан
ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі «әйел» концептісін тереңірек зерттеуге көмектеседі. Әйелдің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны
сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындап, әйел концептісінің
лексико-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында
түсіндіру ең маңызды мәселе болып отыр.
Мақалада тілдің фразеологиялық жүйесінің белгілі бір лингомәдени қауымдастыққа тән
менталитетті жаңғыртудағы үлес-салмағы сөз болады. Қазақ дүние бейнесінің фразеологиялық фрагментінде бекіген жалпы әйел туралы ұғым-түсініктердің ұлттық сипаты, халықтың әлеуметтік санасы мен менталитеттеріндегі, ұлттық құндылықтары
мен дүниеге деген көзқарастарындағы лингвистикалық-мәдени ерекшеліктері «Әйел»
концептісі негізінде сараланады. Зерттеу қазақ тілінде қолданыста жүрген фразеологиялық тіркестердің мағынасын тереңірек ашуға бағытталған. Фразеологиялық тіркестер арқылы әйел затының қазіргі қоғамда алатын орны көрсетіледі. |
ru |