dc.description.abstract |
Мақалада Жиембет Бортоғашұлының мұрасы мен жыраулық өнердің
синкреттілігін анықтап, саралау мақсат етілген. Жиембет Бортоғашұлы шығармашылығын негізге ала отырып, жыраулардың тұлғалық қасиетінің көп қырлылығын
анықтау да мақаламыздың негізгі зерттеу нысанына алынған. Жиембет жырау толғауларынан көрінетін көшбасшылық қасиетін жан-жақты саралап, әдеби талдау тұрғысынан тұжырымдар жасалды. Толғаулардың кезеңіне қарай айтылған тұстарына
тоқталу арқылы автор бойындағы көшбасшылық қасиет зерттеушілер пікірлеріне сүйене отырып талданды.
Асан қайғы, Сыпыра, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара,
Бұқар жыраулардың шығармашылығындағы көшбасшылық идея Жиембет жыраудың да
тұлғалық қасиетінде орын алған. Хандық дәуірде хандар кеңесшілерімен үнемі санасып,
пікірін тыңдап, шешім қабылдайтын болған. Сол себепті жыраулардың хандық дәуірдегі рөлі орасан зор еді. Мақаламызда жыраудың тұлғалық қасиетіндегі көшбасшыға тән
хан мен халықты байланыстыру, ханға оңтайлы жауап беру, шешім қабылдауға бағыттау, батырлардың ұрыс алдындағы шеберлігіне рухани тұрғыдан дем беру сынды құндылықтар көрсетіліп, кең түрде талданды. Талдау барысында жырау толғауларынан
үзінділер негізінде мысалдар келтірілді.
Жиембет Бортоғашұлы тұлғалық болмысының бір қыры – көшбасшылығы. Жыраудың
бізге жеткен толғаулары мақаланың негізгі дереккөзі және зерттеу нысанына айналады.
Есім ханға қарата айтылған толғауларынан мысалдар келтіріліп, ғылыми түйіндеулер
жасалды. Ғалым-зерттеушілердің дәлелді дәйектемелері мен пікірлері басшылыққа алынып, таңдаулы еңбектерге сілтеме берілді. |
ru |