DSpace Repository

Көркем шығармадағы бейнелілік призмасы

Show simple item record

dc.contributor.author Байтанасова, Қ.М.
dc.date.accessioned 2023-08-18T05:09:36Z
dc.date.available 2023-08-18T05:09:36Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5129
dc.description.abstract Өнер – адамзат өміріндегі ерекше, бірегей құбылыс. Ол ежелден бері адамның рухани болмысына қызмет етіп келеді. Шынайы өнердің ғұмыры шексіз, ол қай дәуірдің де ерекшелігіне кірігіп, уақыттан тыс жасай береді. Өнерге шығармашылық сипат тән. Сондықтан да өнерде үнемі көркемдік қиялға, болжамға орын беріледі. Әдебиет – көркем шығармашылық түр. Сөз өнерінің болмысы басқа өнер түрлерімен ықпалдаса отырып, олардан ерекшеленеді. Әдебиет сөз өнері деп аталғандықтан, онда сөздің барлық қасиеті жан-жақты ашылады. Сөздің қарым-қатынас құралы болумен қатар, эстетикалық, әлеуметтік сипаты да бар. Себебі, әдебиет тұтас мәтін құрылымын орнықтырады. Көркем шығарманың бейнелілік-тілдік сипаты қаламгердің шығармашылық ерекшелігінен, дәуір сипаты мен туындының табиғатынан шығады. Көркем шығарманың тілі жазушының дербес сипатын анықтаумен қабат, жалпы ұлттық тілдің байлығын айғақтайды. Суреткер оқырманына туындысының өнер ретіндегі эстетикалық болмысын танытуды мақсат етеді. Әдебиетте көркем таным, қиял, суреткерлік ерекшелік, шығармашылық болмыс үндесіп, адам өмірі мен қоғамды көркемдік тұрғыда зерттеуді нысан етеді. Сондықтан да әдеби туындының көркемдік бейнелеу, стильдік-тілдік жүйесі басты орында тұрады. Көркем туындының көркемдік-бейнелілік ерекшелігі – жалпы филологиялық талдаудың өзекті мәселесінің бірі. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject өнер ru
dc.subject құбылыс ru
dc.subject руханият ru
dc.subject шығармашылық ru
dc.subject көркемдік ru
dc.title Көркем шығармадағы бейнелілік призмасы ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account