Репозиторий Dspace

Қазақ тіліндегі пандемия лексикасы

Показать сокращенную информацию

dc.contributor.author Сәрсеке, Г.Ә.
dc.date.accessioned 2023-08-18T05:19:18Z
dc.date.available 2023-08-18T05:19:18Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5133
dc.description.abstract Мақала қазақ тіліндегі Covid-19 лексикасы туралы зерттеудің нәтижелерімен бөліседі. Бұл зерттеудің мақсаты пандемияның тілге әсерін және пандемия лексикасының қазақ тіліндегі көрінісін анықтау болып табылады. Зерттеуде пандемия лексикасына лингвистикалық тұрғыдан сипттама берілді және коронавирустың Covid-19 түріне арналған арнайы лингвистикалық корпустарға шолу жасалды. Қазақ тілді деректер негізінде пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдері айқындалды және олардың қолданылу жиіліктері анықталды. Пандемия лексикасынан 2020 жылдың алғашқы төрт айында жұмсалған қолданылу жиілігі жоғары сөздер белгіленіп, әрқайсысына лингвистикалық сипаттама беріледі. Зерттеу корпусқа негізделген талдау әдісімен жүргізілді. Зерттеудің деректері республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен жиналды. Covid-19 пандемиясына қатысты деректерді талдау үшін NVivo бағдарламалық жасақтамасы қолданылып, соның көмегімен қазақ тіліндегі пандемияға қатысты сөздер мен сөз тіркесімдерінің қолданылу жиіліктері есептелді. Бұл зерттеудің нәтижелері пандемия лексикасындағы терминдердің басым көпшілігі тілде бұрыннан бар сөздер екенін, дегенмен олардың пандемия кезінде жаңаша мәнге ие болғанын және қолданылу жиілігі артқанын көрсетті. Пандемия лексикасындағы бірқатар сөздер бұрын кең мағынасында жалпы қолданылып келсе, ауру жайлаған кезде нақты пандемияға қатысты жұмсалысы артқан. Сондай-ақ бірқатар терминдер ғылымның белгілі бір саласында ғана қолданылып келсе, 2020 жылдан олардың қолданысы жалпыхалықтық сипат алды. Пандемия лексикасына талдаудың нәтижелері 2020 жылдың алғашқы төрт айында қолданылу жиілігі жоғары сөздер короновирус, індет, карантин, вирус, пандемия және Covid-19 болғанын көрсетті. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject Covid-19 ru
dc.subject пандемия ru
dc.subject коронавирус ru
dc.subject қазақ тілі ru
dc.subject корпус ru
dc.subject корпусқа негізделген талдау ru
dc.title Қазақ тіліндегі пандемия лексикасы ru
dc.type Article ru


Файлы в этом документе

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию

Поиск в DSpace


Просмотр

Моя учетная запись