DSpace Repository

Қазақ, қытай тілдеріндегі эмотивті фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан талдау

Show simple item record

dc.contributor.author Алшынбекова, М.С.
dc.contributor.author Жуманбекова, Н.З.
dc.date.accessioned 2023-08-18T05:46:08Z
dc.date.available 2023-08-18T05:46:08Z
dc.date.issued 2023
dc.identifier.issn 2616-678Х
dc.identifier.uri http://rep.enu.kz/handle/enu/5142
dc.description.abstract Әр халықтың тілінде ұлттық колоритті білдіретін сөз тіркестері болады. Фразеологизмдерде ұлттық мәдениеттің, тарихтың ақпараты сақталады. Қазақ, қытай фразеологизмдері өзіндік мәдени айырмашылықтарымен ерекшеленеді. Бұл өз кезегінде қазақ, қытай тілдерінің фразеологизмдерін түсінуде кедергі тудырады. Бұл мақалада қазақ және қытай халықтарының тілі мен мәдениеті ескеріле отырып, лингвомәдениеттану ғылымының тұрғысынан адамның эмоциясын білдіретін фразеологизмдердің қолдану ерекшелігі қарастырылады. Сондай-ақ, қазақ, қытай фразеологизмдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланып, екі халықтың мәдени ерекшеліктері талқыланған. Мақалада жүргізілген зерттеудің талдау нәтижелері ұсынылып, фразеологизмдердің қалыптасуына тарихи, әлеуметтік және мәдени оқиғалар мен құбылыстардың әсер ету нәтижесі көрсетілген. Бүгінгі таңда салыстырмалы фразеология жан-жақты қарастырылып, теориялық және практикалық қолданбалы жақтары терең зерттеліп келеді. Сондай-ақ, фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан қарастыру әр халықтың ұлттық ерекшелігін тануда маңызды орынға ие. Фразеологизмдерді түсіну халықтың мәдени коннотациясымен тығыз байланысты. Аталмышмақала қытайтілін үйренушілерге қазақ, қытай фразеологизмдерінің мәдени коннотациясын түсінуге, сондай-ақ, олардың коммуникациялық машығын жетілдіруге көмектеседі. Екі тілдегі фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан зерттеу тіл үйренушілеріне фразеологизмдерді орынды пайдалануға, мәдениетаралық коммуникация барысындағы түсініспеушілікті жоюға көмектеседі, тіл үйрену барысында көптеген кедергілердің алдын алуға септігін тигізеді. Мақала материалдары лингвистика мен тілдерді зерттейтін оқытушылар мен студенттер үшін практикалық құндылығы бар. Бұл мақалада жалпы саны 100 эмотивті фразеологизмдер іріктелді, оның ішінде қазақ тілінде -60, қытай тілінде-40. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher ЕНУ им. Л.Н. Гумилева ru
dc.subject эмоция ru
dc.subject фразеология ru
dc.subject фразеологизмдер ru
dc.subject лингвомәдениеттану ru
dc.subject мәдениет ru
dc.subject мәдени коннотация ru
dc.subject әлем бейнесі ru
dc.title Қазақ, қытай тілдеріндегі эмотивті фразеологизмдерді лингвомәдени тұрғысынан талдау ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account