Аннотации:
Мақалада ғылыми мәтінді оқытудың танымдық сипаты жайында зерттеулер жүргізілді. Бұл – мемлекеттік деңгейде маңызы зор мәселе. Сол себепті бүгінде білім алушылар арасында ғылыми мәтінді оқыту басты назарға алынып жүр. Әсіресе, ғылыми мәтіннің танымдық ерекшелігін ескере отырып оқыту тиімді болып саналады. Кез келген ойдың түпкі тамыры танымнан бастау алады. Таным кез келген ғылыми мәтіннің ұлттық ерекшелігін танытады. Жұмыста ғылыми мәтінді оқытудың танымдық сипаты ғылыми терминдерді оқытумен байланыста қарастырылды. Себебі ғылыми мәтіннің ең негізгі белгісі терминдердің қолданысы. Тақырыпты ашу мақсатында ғылыми мәтінді оқытуға қатысты ғалымдардың оқулықтары негізге алынды.