• Поэзия морфологиясы (Абай өлеңдері мысалында) 

      Аймұхамбет, Ж.Ә.; Мухажанова, Р.М. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Мақалада поэзия мәтінін морфологиялық аспектіде талдау Абай өлеңдері мысалында жүзеге асырылады. Структурализмнің семиотикалық тәсілі таңбаның көркем мәтін құрылымындағы қызметін танытуды мұрат тұтса, көркемдік-эстетикалық міндет арқалаған таңба өз бойына символикалық, детальдық, бейнелеушілік сипатты жинақтайды. Бұл сипаттар бір тұтастыққа айналған мәтіннің бөлшектері ретінде ...
      2023-11-15
    • Тілдік санадағы биологиялық уақыт (тарихи жырлар негізінде) 

      Кулынтаева, Т.Б.; Еспекова, Л.Ә. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Мақалада фольклор жанры, оның ішінде тарихи жырлардың тілін антропоөзектік бағытта зерттеу негізге алынды. Тарихи жырлардың тілін когнитивтік аспектіде қарастыру арқылы ұлтымыздың болмысын тануға болады. Себебі тарихи жырлар ұлт тарихынан, сол кезеңдегі маңызды оқиғалардан ақпарат береді. Мақаланың мақсаты – тарихи жыр мәтіндері негізінде «биологиялық уақыт» көрінісін анықтау. ...
      2023-11-15
    • Қазақ тілін үйретуде мобильді қосымшаларды пайдаланудың тиімділігі 

      Ораз, А.Н.; Маликов, Қ.Т. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Мақалада қашықтан оқыту практикасының жоғары даму қарқыны туындатқан компьютерлік лингводидактика бағытында қазақ тілін оқытудың жаңа форматтары талданып, теориялық тұрғыдан түсіндіріледі. Сәйкесінше, зерттеудің мақсаты мобильді оқу-ойын қосымшаларын игеруді, лексикалық дағдыларды қалыптастыра отырып тілдік қателерді диагностикалауды, бекіту және бақылау құралы ретінде ...
      2023-11-15
    • Қазақ және ағылшын тілдеріндегі туыстық атаулар – мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастыру құралы 

      Рысбекқызы, Г. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Кез келген тілді үйреніп білу үшін сол халықтың әдеби мұрасын, сөздік қорын, әдебиеті мен мәдениетін және жалпы түсініктерінен хабардар болудың маңызы зор. Өйткені тілдегі сөздер аудармасы арқылы қолдана беруге болатын қатынас құралы ғана емес, әр елдің өзінің ұлттық таным-түсінігімен байланысты ақпараттық ерекшеліктері де бар. Мақалада осы мәселе ескеріле отырып, қазақ ...
      2023-11-15
    • Әшекей бұйым атауларының сөзжасамдық сипаты 

      Саликжанова, Ш.Б. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Әшекей бұйымдар – бұл ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан, бізге атадан балаға мұра етіп қалдырылған ұлттық өнер туындысы, дәстүрлі және халықтық өнердің сарқылмас көзі. Халық қолөнері қандай болмасын оның тарихы әлеуметтік құрылымымен, әдет-ғұрыптарымен, салт-дәстүрлерімен өрілген. Зергерлік бұйымдар – бойында көркем образдардың өзіндік ерекшелігін мұқият сақтаған жәдігер және ...
      2023-11-15
    • Абай шығармаларындағы «жүрек» сөзінің мағыналық ерекшеліктері 

      Сарекенова, Қ.Қ.; Меліс, А.М. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Мақалада Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы «жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске түскендегі мағыналық ерекшеліктері қарастырылады. Бұл мақалада «жүрек» сөзіне қатысты жүз шақты тіркес жеті топқа топтастырылып талданды. Сөз тіркестері «жүрек» сөзінің жеті септіктің бірінде тұрып өзге сөздермен тіркескенде беретін мағынасы анықталды. «Жүрек» сөзінің өзге сөздермен тіркеске ...
      2023-11-15
    • Ұлы Жібек жолы бойындағы топонимдерді кешенді зерттеудің негізгі бағыттары 

      Әбдуәлиұлы, Б.; Алимхан, А.А. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Мақала Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи топонимияны зерттеу бағыттарына арналған. Топонимия жалқы есімдердің құрамына жататындықтан, тіл білімінің нысаны болып саналғанмен, онымен шектесетін ғылым салаларының да өзіндік орны үлкен. Топонимдерді тіл білімінің нысаны тұрғысынан зерттегенде құрылымдық жүйесі, этимологиялық негіздері, шығу уәждері т.б. лингвистикалық ерекшелігіне ...
      2023-11-15
    • The linguopragmatic aspect of the theatrical review in the British press 

      Avazbakiyeva, F.R.; Beisembayeva, Zh.A.; Nygmetova, B.D.; Aldaberdikyzy, A. (L.N.Gumilyov Eurasian National University, 2023)
      The purpose of the study is to investigate the linguopragmatic aspect of the theatrical review in the British press. The term “review” is often used for a comprehensive analysis of several types of writing, including a review of international news, a review of book novelties; reviews of various forms of art (theatrical, cinematic etc.) and science (popular science). Media coverage ...
      2023-11-15
    • Фольклордағы синкреттілік: жанр және термин (А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» негізінде) 

      Сағынадин, Г.С. (ЕНУ им. Л.Н. Гумилева, 2023)
      Алаштың рухани көсемі, ғалым Ахмет Байтұрсынұлын әдебиет және фольклор терминдерінің негізін қалаушы деп білеміз. Ғалымның «Әдебиет танытқыш» кітабы – қашанда өзінің ғылыми күшін жоймайтын, өзектілік әлеуеті төмендемейтін құнды еңбек. Бұл еңбекті қараған сайын жаңа концепциялық ой түйіндерін жасауға болады және кітаптың әр тарауы, әр бөлімі, тіпті ондағы әрбір терминдік ...
      2023-11-15