Abstract:
Мақала қазақ және ағылшын тілдеріндегі келісу\келіспеушілік актілері мәселесіне арналған. Келісу\келіспеушілік актілері әртүрлі тілдерде сөйлейтін әртүрлі мәдениеттердің тасымалдаушылары арасындағы қарым-қатынас кезінде туындайды. Зерттеу барысында қазақ және ағылшын тілдеріндегі келісу/ келіспеушілік сөйлеу актілерінің ерекшеліктері қарастырылды. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі келісу/келіспеушілік актілерінің негізгі прагмалингвистикалық және прагматикалық айырмашылықтары анықталып сипатталды.