Abstract:
Ахмет Байтұрсынұлы егемен елінің ұрпағы тарапынан «Ана тілдің айбары», «Ғасыр саңлағы» деп ұлықталған ұлы тұлға, ғұлама ғалым. Ахмет еңбектері негізінде әлем қазақ тілінің басты дыбыстық ерекшелігімен, грамматикалық құрылымындағы заңдылықтарымен, морфологиялық құрамымен, лексикалық басты құндылықтарымен, орфографиялық сипатымен танысты десек артық болмас.