Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Репозиторий Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева
Просмотр элемента 
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2024, №3 (148)
  • Просмотр элемента
  •   Главная
  • Вестники ЕНУ им. Л.Н. Гумилева
  • Серия Филология
  • Выпуск 2024, №3 (148)
  • Просмотр элемента
JavaScript is disabled for your browser. Some features of this site may not work without it.

М.О. Әуезов және түркі әлемі

Thumbnail
Автор
Әубәкір, Ж.М.
Асқарова, А.Ш.
Meйрбекова, Э.А.
Дата
2024-09-28
Редактор
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
ISSN
2616-678Х
2663-1288
xmlui.dri2xhtml.METS-1.0.item-title-alternative
М.О. Ауэзов и тюркский мир
 
M.O. Auezov and the Turkic world
 
Аннотации
Мақалада М.Әуезовтің шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан түркі мәдениеті мен түркі халықтарына ортақ рухани қазыналарды бүгінгі уақыт талабына сай зерттеу мәселелері сараланады. Мұхтар Әуезовтің қырғыздың «Манас» эпосы жайында әр жылдары жазған ғылыми теориялық зерттеулері, қолжазба күйінде қалдырған мол мұралары, эпостың тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Көрнекті суреткер, академик М.Әуезов әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті арналарының бірі болып табылатын көркемдік кеңістікте жаңа көзқарастар, тың сараптамалар, ғылыми теориялық тұжырымдар тұрғысынан талданады. Әдебиеттану ғылымындағы «Мұхтар және Манас» деген ұланғайыр тақырыпты осы күнге дейін тереңдей зерттеп, көрші жатқан екі елдің әдеби шығармашылық байланысын тереңдей талдаған арнайы зерттелген еңбектер жоқтың қасы. Тіпті екі елді елдестіріп, ортасына алтын көпір салған Мұхтар Әуезовтің өзге емес, тек «Манасқа» қатысты құнды зерттеулері де тарихи тұрғыдан айтылғаны болмаса әрбір еңбектеріне егжей-тегжейлі аналитикалық талдаулар жасалып, ондағы ғылыми ойлардың қос елдің руханиятына қатар қосылар құндылығы өз деңгейінде жете зерттеліп, айтылмады. Түркі дүниесіне, мәдениеті, әдебиетіне ортақ М.Әуезовтің ғылыми мұралары өзіндік өрнегімен қайталанбас құбылысқа айналған халық ауыз әдебиеті, ауызша поэзиясы, фольклорлық мұралары түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтар ретінде зерделенеді. Зерттеудің негізгі бағыттарына Әуезовтің мәдениетаралық ықпалын, өзге түркі жазушыларымен байланысын, ұлттық, мәдени диалог туралы идеяларын зерттеу кіреді. Жұмыстың ғылыми, практикалық маңыздылығы Әуезовтің түркі халықтары арасындағы әдеби көпір ретіндегі мәдени мұраларын сақтауға және дамытуға ықпал ететін рөлін түсінуді тереңдету болып табылады. Зерттеу нәтижелері Әуезовтің шығармашылығы түркі халықтарының мәдени бірегейлігіне терең әсер етіп, оның қазіргі түркі әдебиеті үшін маңыздылығын көрсетеді. Жұмыстың құндылығы жазушының түркология мен мәдениеттануға қосқан үлесін, мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін айшықтайды.
URI
http://repository.enu.kz/handle/enu/33206
Открыть
М.О. Әуезов және түркі әлемі.pdf (371.9Kb)
Collections
  • Выпуск 2024, №3 (148)[7]
Показать полную информацию
CORE Recommender

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.МетрикаSTATS.ENU
Научная библиотека | Контакты
 

Просмотр

Весь DSpaceСообщества и коллекцииДата публикацииАвторыНазванияТематикаЭта коллекцияДата публикацииАвторыНазванияТематика

Моя учетная запись

ВойтиРегистрация

Евразийский национальный университет имени Л.Н. Гумилева | Научная библиотека | Контакты
Яндекс.МетрикаSTATS.ENU
Научная библиотека | Контакты