Показать сокращенную информацию

dc.contributor.authorӘубәкір, Ж.М.
dc.contributor.authorАсқарова, А.Ш.
dc.contributor.authorMeйрбекова, Э.А.
dc.date.accessioned2026-11-05T04:49:51Z
dc.date.available2026-11-05T04:49:51Z
dc.date.issued2024-09-28
dc.identifier.issn2616-678Х
dc.identifier.issn2663-1288
dc.identifier.otherDOI: https://doi org/10.32523/2616-678X-2024-148-3-147-159
dc.identifier.urihttp://repository.enu.kz/handle/enu/33206
dc.description.abstractМақалада М.Әуезовтің шығармашылығында кеңінен көрініс тапқан түркі мәдениеті мен түркі халықтарына ортақ рухани қазыналарды бүгінгі уақыт талабына сай зерттеу мәселелері сараланады. Мұхтар Әуезовтің қырғыздың «Манас» эпосы жайында әр жылдары жазған ғылыми теориялық зерттеулері, қолжазба күйінде қалдырған мол мұралары, эпостың тілдік ерекшеліктері қарастырылады. Көрнекті суреткер, академик М.Әуезов әлемі қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті арналарының бірі болып табылатын көркемдік кеңістікте жаңа көзқарастар, тың сараптамалар, ғылыми теориялық тұжырымдар тұрғысынан талданады. Әдебиеттану ғылымындағы «Мұхтар және Манас» деген ұланғайыр тақырыпты осы күнге дейін тереңдей зерттеп, көрші жатқан екі елдің әдеби шығармашылық байланысын тереңдей талдаған арнайы зерттелген еңбектер жоқтың қасы. Тіпті екі елді елдестіріп, ортасына алтын көпір салған Мұхтар Әуезовтің өзге емес, тек «Манасқа» қатысты құнды зерттеулері де тарихи тұрғыдан айтылғаны болмаса әрбір еңбектеріне егжей-тегжейлі аналитикалық талдаулар жасалып, ондағы ғылыми ойлардың қос елдің руханиятына қатар қосылар құндылығы өз деңгейінде жете зерттеліп, айтылмады. Түркі дүниесіне, мәдениеті, әдебиетіне ортақ М.Әуезовтің ғылыми мұралары өзіндік өрнегімен қайталанбас құбылысқа айналған халық ауыз әдебиеті, ауызша поэзиясы, фольклорлық мұралары түркі халықтарына ортақ рухани құндылықтар ретінде зерделенеді. Зерттеудің негізгі бағыттарына Әуезовтің мәдениетаралық ықпалын, өзге түркі жазушыларымен байланысын, ұлттық, мәдени диалог туралы идеяларын зерттеу кіреді. Жұмыстың ғылыми, практикалық маңыздылығы Әуезовтің түркі халықтары арасындағы әдеби көпір ретіндегі мәдени мұраларын сақтауға және дамытуға ықпал ететін рөлін түсінуді тереңдету болып табылады. Зерттеу нәтижелері Әуезовтің шығармашылығы түркі халықтарының мәдени бірегейлігіне терең әсер етіп, оның қазіргі түркі әдебиеті үшін маңыздылығын көрсетеді. Жұмыстың құндылығы жазушының түркология мен мәдениеттануға қосқан үлесін, мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін айшықтайды.ru_RU
dc.description.sponsorshipМақала ҚР ҒЖБМ ҒК-нің гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан AP23488634 «Түркі мәдениетіндегі Мұхтар Әуезов әлемі» атты жоба аясында дайындалды.ru_RU
dc.language.isootherru_RU
dc.publisherЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіru_RU
dc.relation.ispartofseries№3 (148);
dc.subjectфольклорru_RU
dc.subjectәдебиет теориясыru_RU
dc.subjectэпос поэтикасыru_RU
dc.subjectмұраru_RU
dc.subjectшығармашылықru_RU
dc.subjectқазақ және қырғыз әдебиетіндегі шығармашылық байланыстарru_RU
dc.titleМ.О. Әуезов және түркі әлеміru_RU
dc.title.alternativeМ.О. Ауэзов и тюркский мирru_RU
dc.title.alternativeM.O. Auezov and the Turkic worldru_RU
dc.typeArticleru_RU


Файлы в этом документе

Thumbnail

Данный элемент включен в следующие коллекции

Показать сокращенную информацию